30
January
2023
Құқықбұзушылықтың алдын алу
2023 жылдың 30 қаңтарында мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу айлығы негізінде 8-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.М. Мамырбеков құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыра отырып, оларға қолданылатын жаза түрлерімен таныстырып өтті. Мектеп медбикесі С. Гасанова қазіргі таңда жасөспірімдер арасында белең алып отырған электронды темекінің зияны жөнінде мысалдар келтіре отырып, слайд арқылы таныстырып өтті.